Аталмыш мектеп 1919 жылы Бөгенде бастауыш мектеп болып ашылды. Мектепті татар байы Темірхан Ярлыгаев өз қаржысымен ашты. Мектепке және алғашқы оқушыларға да керек құрал- жабдықтарды Темірхан әкеліп берді. Оның оқыған, сауатты баласы Атағұла (Атауолла) алғашқы оқу жылындағы жалғыз мұғалім болды.
1920-21 оқу жылында мектепте 3 мұғалім 1921- 28 оқу жылдарында 4 мұғалім жұмыс жасады. Олар: Атауолла Ярлогаев, Патиха және Патима Ярлогаевтар, Р.Рамазан.
Мектептің ең алғашқы оқушылары Көшербаев Омар, Досбергенов Қанатбай, Кеулімжаев Шамша, Алмағанбетов Кемал, Сәрсенбаев Әбубәкір,Жолымбетов Әбжәли, Қызылбаев Жалғасбай, Жәметов Шерекен, Тоқбергенов Сәрсен, Сұлтанов Бақи, Қожаев Жаласара, Бисенов Еңсеген, Мұхамбедиев Әбубәкір.
1927-28 оқу жылынан бастап мектеп 7 жылдық қазақ – орыс мектебі болып аталды.
1927- 28 оқу жылында мектеп араб алфавитімен оқыды.
1928 жылы 10 желтоқсанда Араб алфавиті орнына Латын алфавиті енді.
1933-34 оқу жылында Бөген колхозы мектепке 4 бөлмелі, қамыстан тұрғызылып салынған үй бөлді.
1940 оқу жылында мектеп орта мектепке айналған.
Соғыс жылдарында және одан кейінгі жылдарда да Бөген мектебінде түрлі ұлт (орыс, кәріс, қалмақ, татар) өкілдерінің балалары жергілікті қазақ балаларымен оқыды.
1947 жылы алғаш рет Бөген орта мектебінің оныншы сыныбын бес оқушы бітіріп, қолдарына аттестат алады.Сол кездегі мектеп директоры Ақпамбетов Мақпалбай.
1947-50 оқу жылында мектепке «ВЛКСМ –ХХХ жылдығы»атағы берілді.
Осы оқу жылында мектепке директор болып Рысқұлов Мүберек келген, оқу ісінің меңгерушісі - Тойбазаров Мүберек, ал 1951-52 жылы Сермағанбетова болған. Оқушы саны – 446, класс комплектісі – 22-ге жеткен.
1947-48 жылы мектепке бірінші рет жоғары білімді мұғалім - Әуесбаева Төлебике келген.
1957 жылдан бастап кешкі жұмысшы жастар орта мектебі де ашылған.
1961-62 оқу жылынан 1986 жылға дейінгі мектеп директоры – Жұмағұлов Садық, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары - Нөкешов Шәйкен, Есжанов Ысқақ, Сәңкібаев Қапи, Жәнелов Тілеужан, Әбдікәрімов Әділхан ағайлар болды.
«Мұғалім бола салу оңай, ал жақсы мұғалім болу мыңның біріне ғана бұйырады» дегендей мектептегі білім сапасының жоғарылығы, ұстаздардың біліктілігі аудан тарапынан мойындалып, бірнеше мұғалімдеріміз жоғары құрметке ие болды.
1.Сағынтаева Мариямкүл –«Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері »
2.Сәңкібаев Қапи-–«Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері »
3.Жұмағұлов Садық-«Қазақ ССР Халыққа білім беру ісінің үздігі»
4.Әбдікәрімов Әділхан- «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі»
5.Сүлейменова Күләйім- Қазақ ССР Оқу Министрінің «Аға мұғалімі», «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған
1986-87 оқу жылынан бастап 2004 жылға дейінгі мектеп директоры- Әбдікәрімов Әділхан, директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасарлары- Ешниязов Салмырза (1989-90 оқу ж.дейін) және Жәнелов Марат болды. Одан соң директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып Ағытаева Күләш, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Нұрекешова Ұлбике жұмыс атқарды.
Мектеп тарихында өздерінің киелі қолтаңбаларын қалдырған ұстаздар: Жұмағұлов Садық, Загидуллаева Магианвар, Нөкешов Шәйкен, Есжанов Ысқақ, Құрманов Жалғас, Сағынтаева Мариямкүл, Өксікбаева Ырсалды, Қанатбаев Қартбай, Пірекешов Әби, Сейтекенов Айнадин, Иманалина Төлеген, Сәңкібаев Қапи, Жанелов Тілеужан, Нұралиев Қожағазы, Алпысбаев Көбейсін, Әлішев Жұмағали, Мелдебеков Жетес, Қожақметова Аққатша, Алманова Жұлдыз, Ешниязов Салмырза, Смағұлов Асқар, Нөкешов Шәйкен, Дәуренбекова Бақыт, Ізбасқанов Жеткер, Өтепов Тағыберген,Әбдиев Тастыбай, Сүлейменова Күләйім, Байбазарова Шамшырақ, Сәңкібаева Дариха, Симағанбетова Орынкүл, Алмаханова Айжамал, Жакеева Зеріп, Нұртазина Райса,Әлжанова Қадіркүл, Бекенова Орынбике, Бұхарбаев Пауадин, Қалымбетов Жұмадин, Қалымбетова Заруха, Ағытаева Күләш, Жанұзақов Қуантқан, Базарбаева Сұлушаш, Бисеналиева Талшын,Тілеужанова Марал, Жанелов Марат, Құрманалиева Гүлнар, Қошқарова Гүлмира, Едігеев Есқара, Жақыпова Жамал, Смағұлова Бағдагүл, Алмаханова Фатима, Еңсепова Даража, Сәңкібаева Гүлбаһира, Сермаханова Айгүл, Андызбаев Шөмен, Әбдікәрімова Лиза, Тәжімбетов Болатбек.
Мектептің кіші қызметкерлері:Садуов Әбжами-шаруашылық меңгерушісі, Сәрсенова Дәмелі-интернат күтушісі, Таубаева Рәзия-үй сыпырушы, Жұбаева Күнжан-үй сыпырушы, Қоренов Ысқақ-шаруашылық меңгерушісі, Жангелдиева Күнзираш-кітапханашы, Жасанова Орынкүл-интернат аспазшысы, интернат күтушісі-Әлиева Күнзия апалар өздерінің білімдері мен бойларындағы жақсы болмыс қасиеттерін жас ұрпаққа аямай сарқа жұмсап, шәкірттер жүрегінде мәңгі орын алды.
1954-55 оқу жылы ұжым мен ауыл тұрғындарының қуанышына екі қабатты ғимарат пайдалануға берілді. Бұл үшін Қазақ ССР Балық өнеркәсібі Министрлігі миллион сом бөлген екен.
1920 – 21 жылдардан бастап кедей отбасы балалары үшін мектеп жанынан интернат ашылды. Бұл интернатта ең алғаш Жолай Тұрғанбай, Жолымбетов Аман т.б. жатып оқыған.
2005 жылы интернат үйінің көнеріп тозуына байланысты, 2006-2007 оқу жылында пайдалануға жаңадан интернат берілді.
Қарашалаң мектебі орта мектеп болған соң, Аққұлақ елді мекені Аманөткел ауылдық округіне қарағалы интернатта бала саны азайған. Қазіргі таңда интернатта ауылдық округтің малшыларының балалары мал ауылдан, Аққұлақ елді мекенінен, сырттан келіп оқып жатқан балалар бар.
Осы интернатта жатып оқыған қаншама шәкірттер қазір республикамыздың әр түкпірінде қызметте жүр. Сапарова Манзура- әнші, Қанатбаев Қуаныш-тергеуші, Жаналиев Саттар - мектеп директоры (қайтыс болды), Ермағанбетова Айша-мектеп директоры, Досов Дархан- «Дарын» қосымша білім беру орталығында маман, Ақылов Анарбек мұғалім, Алдакешова Айнұр-әлеуметтік педагог, Демеуова Бақыткүл- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып бүгінгі таңда қызмет атқаруда.
1989 жылы мектептің жетпіс жылдығы қарсаңында ресми түрде мұражай ашылды. Содан бері мектебімізде «Өлкетану» мұражайы жұмыс жасап келеді. Мұражай жетекшісі Ұ. Нұрекешова өткен жылдардың жәдігерлерін өскелең ұрпаққа насихаттауда белсенді жұмыс жасауда. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған облыстық «Үздік мектеп мұражайы» бейнероликтердің сырттай байқауына қатысып, III орынды жеңіп алды.
1991 жылы 28 маусымда Халық депутаттары аудандық Кеңесі атқару комитетінің шешімімен, БЛКЖО 30 жылдығы атындағы Бөген орта мектебіне Зейнолла Шүкіров есімі берілді.
Мектеп тарихында өздерінің киелі қолтаңбаларын қалдырған мектеп басшылары: 1919 – 1936 ж.ж Ярлыгаев Атағұла Теміркеұлы.
1936 -1939 ж.ж Шалжанов Қадырғали.
1939 -1943 ж.ж Ким Николай.
1943 -1946 ж.ж Ақпамбетов Мақпалбай.
1946- 1948 ж.ж Нұржанов Төлепберген.
1948 -1949 ж.ж Қалиев Сейілхан.
1949 -1953 ж.ж Рысқұлов Мүберек. 1953 -1954 ж.ж Нұрманов Әсемхан.
1954 -1955 ж.ж Күнқожаев Нажман.
1955 -1961 ж.ж Дәрменов Төлеш.
1961 -1986 ж.ж Жұмағұлов Садық.
1986 -2005 ж.ж Әбдікәрімов Әділхан.
2005 -2009 ж.ж Нұрышов Берік.
2009 -2012 ж.ж Әбдікәрімов Әмірбек.
2012 -2013 ж.ж Тәжімбетов Жеңісхан.
2014 – 2020 ж.ж. Мадиярова Клара Уәйісқызы
2020 жылдан бастап Андызбаев Марат Шөменұлы
Талай тұлғаларды дүниеге әкелген Бөген топырағы өз шәкірттерінің биікке шыққанын мақтанышпен айтып жүреді. Мектеп ұжымы өздерінен оқу бітірген, еліне қадірлі болған Қ. Кеулімжаевты, ғылым кандидаты Т. Құттымұратовты, Социалистік Еңбек Ері Т. Әлімбетовты, ақын З. Шүкіровты, жазушы С. Жұбатыровты, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты Ш. Дәрмағанбетұлын, ғылым докторы Н. Құдайбергенованы, КСРО спорт шебері К. Омаровты, ғылым кандидаты М. Қожановты, жазушы–журналист Қ. Жиенбаевты, атақты конструктор О. Қазыбаев, Сәңкібаев Кенжетай, М. Қаратаев, Н. Симағанбетов, Ақмағамбетова Дариха, Қанатбаев Жеткерген, Әбдікәрімов Әмірхан, Шамшаев Құрманғазы, Мадияров Ақмұрат, Қожанов Әмір, Қожанов Манасбай, Ілиясов Самат, Бахрадинова Қазына, Орынбасарова Ғайни, Сәңкібаева Айсұлу, Шекеева Света, Құрманәлиев Айбек, Құрманов Бозғұлан, Прекешов Нұрхан, Бисенәлі Жанұзақ, Смағұлов Файзулла, Қалымбетова Динара, Тәжімбетов Рүстембек , Жанұзақов Қуаныш, Балықбаева Гүлжан, Нұрмаханов Нұрлан, Жүсіпова Гүлнұр, Әбдиев Ержеңістерді үнемі мақтан тұтады, еңбек жолдарын шәкірттеріне үлгі етіп айтып отырады.
№20 мектепті үздік бітіргендер:
Р/с | Оқушылардың аты -жөні | Оқу жылы | Белгілері |
1 | Қанатбаев Жеткерген | 1949 – 50 | Күміс медаль |
2 | Махатов Жасарал | 1950 – 51 | Алтын медаль |
3 | Икласов Спандияр | 1950 – 51 | Күміс медаль |
4 | Құдайбергенова Нағима | 1952 – 53 | Күміс медаль |
5 | Айтубаев Мұстафа | 1953 – 54 | Күміс медаль |
6 | Жалғасбаев Абдірахман | 1953 – 54 | Күміс медаль |
7 | Сәңкібаев Кенжетай | 1954 – 55 | Күміс медаль |
8 | Бахрадинова Қазына | 1960 – 61 | Күміс медаль |
9 | Симағамбетов Нұрлан | 1966 – 67 | Күміс медаль |
10 | Құлсейітова Айкенже | 1966 – 67 | Күміс медаль |
11 | Сәңкібаева Айсұлу | 1976 – 77 | Алтын медаль |
12 | Жәнелова Жанат | 1977 – 78 | Алтын медаль |
13 | НағыметоваБаян | 1979 – 80 | Алтын медаль |
14 | Сәңкібаева Гүлмира | 1990 – 91 | Күміс медаль |
15 | Тәжімбетов Рүстембек | 1990 – 91 | Күміс медаль |
16 | Қалымбетова Динара | 1992 – 93 | Алтын медаль |
17 | Есжанова Сәлима | 1998 – 99 | Үздік аттестат |
18 | Жанұзақов Қуаныш | 1998 – 99 | Үздік куәлік |
19 | Боранбаева Жанат | 2004 – 05 | Үздік куәлік |
20 | Тайжанова Аралкүл | 2006 – 07 | Үздік куәлік |
21 | Кемаладинова Ұлбала | 2009 – 10 | Үздік куәлік |
22 | Ниеталиева Ақтолқын | 2010 – 11 | Үздік куәлік |
23 | Келмағамбетова Мөлдір | 2010 – 11 | Үздік куәлік |
24 | Оқасова Малика | 2011 – 12 | Үздік куәлік |
25 | Шәкір Айдос | 2011 – 12 | Үздік куәлік |
26 | Қарасай Нұрбибі | 2012-2013 | Үздік куәлік |
27 | Татыранова Ақнұр | 2014-2015 | Үздік куәлік |
28 | Суханберлі Гүлдана | 2014-2015 | Үздік куәлік |
29 | Татыранова Ақнұр | 2016-2017 | Алтын медаль |
30 | Суханберлі Гүлдана | 2016-2017 | Алтын медаль |
31 | Тілектесова Іңкәр | 2017-2018 | Үздік аттестат |
32 | Әбиев Ерхан | 2020-2021 | Алтын медаль |
33 | Әбиев Аңсар | 2020-2021 | Үздік аттестат |
34 | Кемалашова Динара | 2020-2021 | Үздік аттестат |
35 | Саматұлы Досымжан | 2020-2021 | Үздік аттестат |
36 | Мөңкебаев Бекзат | 2021-2022 | Алтын медаль |
37 | Матығұлов Бекнұр | 2021-2022 | Алтын медаль |
38 | Кемалашов Бейбарыс | 2021-2022 | Үздік аттестат |
39 | Ерферзентова Аружан | 2021-2022 | Үздік аттестат |
40 | Бекенқызы Нұрсезім | 2021-2022 | Үздік аттестат |
2014 жылы мектеп ғимараты заманауи үлгіде қайта жаңғырды. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған химия, биология, физика кабинеттері бар. 200 орындық зәулім мектеп қабырғасында бүгінде 268 оқушы білім алады.