Батаманова Шаттык Жеткеровна


Тегі, аты, әкесінің аты: Батаманова Шаттык Жеткеровна
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Арал ауданы, Бөген ауылы, №20 З.Шүкіров атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Жынысы: әйел
4. Туған жылы, күні, айы: 11.06. 1971
5. Ұлты: қазақ
6. Білімі: жоғары
Қызылорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы педучилищесінің «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы , 1991 жыл
Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, 2006 жыл
7. Мамандығы: бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
8. Тілдік дағдылары: орыс тілін меңгерген
9. Компьютерлік сауаттылығы: жетік меңгерген
10. Еңбек өтілі: 31 жыл
11. Санаты: педагог-сарапшы
12. Жалпы жұмыс өтілі: 32 жыл
13. Саладағы жұмыс өтілі: 4 ай
14. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 24 жыл
15. Кәсіби, жеке қасиеттерін бағалау:
Батаманова Шаттық Жеткерқызы 1971 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауылында дүниеге келді.
1988 жылы Қаратерең ауылының орталық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс жасады.1989 жылы Қызылорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы педучилищесінің «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1991 жылы бітірді. 1991жылдың қыркүйек айынан бастап Қаратерең ауылында Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастады. Сол жылы 1-сыныпты қабылдап, жетекші болды. Сол жұмыс жасаған жылдары екі бастауыш сыныпты бітіртті. 1998 жылы тұрмыс құруына байланысты Бөген ауылына жұмысын ауыстырды.
2006 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне грант негізінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітіріп, «бастауыш сыныптар мұғалімі квалификациясына» ие болды.
Бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет ете жүріп, үш сынып бітіртті. 2014 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін «Қосымша білім беру педагогы» қызметін атқарса, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.
2015 жылы аудандық білім бөлімі басшысының «Құрмет грамотасымен», 2016,2017,2018 жылдары Арал аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2019 жылы Облыстық Білім Басқармасының «Алғыс хатын» иеленді. Осы жылы «Нұржан» журналы тағайындаған медальға ие болды. 2019 жылы «Тіл -қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Құрмет грамотасымен» , 2019 жылы Астана қаласы бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының «Алғыс хаты», 2020 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Республикалық педагогикалық шығармашылық олимпиадасынан 2-орын, 2020 жылы Астана қаласы бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының дарынды оқушыларды пәндік олимпиада арқылы анықтаудағы жоғары көрсеткіштері үшін «Алғыс хат» , 2018 жылы «Білім-Ғылым-Инновация» интеграциялық орталығының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2019 жылы «BILCE» халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының «Құрмет грамотасымен» марапатталса, 2020 жылы Арал аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының «Алғыс хатымен» марапатталды. 2022 жылы «Наурыз-көктем» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауына ат салысып, өнерлі балалардың дарынын шыңдау жолындағы еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
Оқушылары: Бекнқызы Інжу 2019 жылы «Ғылым көкжиегі-2019» ғылыми жобалар байқауына қатысып III дәрежелі Дипломмен марапатталды. Мектеп оқушылары арасында өткен «Шамшырақ» зияткерлік олимпиадасына 2020 жылы 1-сынып оқитын бірнеше оқушылары қатысып, Орманова Іңкәрім II орынмен, Бишембиева Нұрай III орынмен, Кемалашова Баянсұлу I орынмен, Нұрланова Маржан I орынмен марапатталды. Өзі «Шамшырақ» олимпиадасында шәкірттері жүлделі орындарға ие болғаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. 2022 жылы Республикалық «Смарт қашықтық олимпиадасына» бастауыш сыныптар бойынша математика пәнінен қатысып, III дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Жыл сайын білімін жетілдіріп отырады. 2019 жылы Қызылорла қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының (120 академиялық сағ) оқу курсын , 2021 ж 15-19 ақпан «Өрлеу» (40 сағ) «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» , 2021 жылы 22-26 ақпан «Өрлеу» (40 сағ) «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» , 2021 ж. 05-09 сәуір «Өрлеу» (40 сағат) «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында инклюзивті білім беру» , 2021 жылы 26 шілде-06 тамызда «Орда» оқу-әдістемелік орталығының (80 сағат) «Авторлық бағдарлама даярлау жолдарының әдістемесі» біліктілік курстарынан өтті
Батаманова Шаттық Жеткерқызы ұстаз ретінде де, қарапайым еңбек адамы ретінде де келбеті қалыптасқан ерекше жан. Ол өз ісінің маманы, педагогикалық тәжірибесі толыққанды жетілген ұстаз. Шәкірттерімен тығыз байланыс жасай біледі , нәтижесі де айтарлықтай деңгейде көрінуде. Мектеп өміріндегі болып жатқан елеулі өзгерістерге тигізген үлесі де аз емес. Ұйымдастырушылық шеберлігі мол.