
Тегі, аты, әкесінің аты: Дабылова Гулзираш Ермеккараевна
2.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: №20 З. Шүкіров атындағы орта мектебі, бейінді оқыту орынбасары
3.Жынысы: әйел
4.Туған жылы, күні, айы: 02.03.1978ж
5.Ұлты: қазақ
6.Білімі: жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
7.Жалпы жұмыс өтілі: 25 жыл
8.Саладағы жұмыс өтілі: 23 жыл
9.Осы еңбек ұжымдағы жұмыс өтілі: 20 жыл
10.Кәсіби, жеке қасиеттерін бағалау:
Дабылова Гулзираш Ермеккараевна Қызылорда облысы, Қазалы кентінде 1978 жылы 2 наурызда дүниеге келдім.
1997 жылы Қамыстыбас ауылдық кітапханасында кітапханашы болып еңбек жолын бастады.
1998 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжінің филология факультетінің сырттай бөліміне оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2001 жылы тамамдады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне түсіп, 2004 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша толық курсын бітірді.
2000 жылы №67 Қосжар негізгі мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қабылданды. 2003 жылы №20 З.Шүкіров атындағы орта мектебіне тәлімгер болып, 2005 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2009 жылы бейінді оқыту орынбасары қызметіне орналасты.
Дабылова Гулзираш Ермеккараевна аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен, облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының құрмет грамотасымен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің төс белгісімен марапатталған.