
Караманова Улмекен Алтынбаевна Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында 1988 жылы 22 қаңтарда дүниеге келдім. 1994-2005 жылдар аралығында №20 З.Шүкіров атындағы орта мектепте білім алдым. 2005 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне түсіп, 2010 жылы география мұғалімі мамандығын алып шықтым. 2007 жылы 20 қарашада түлеп ұшқан мектебіме келіп, уақытша іс-қағаздарын жүргізуші болып жұмысқа орналастым. 2012 жылы қаңтар айында география және өзін-өзі тану пәні мұғалімі болып ауыстым. Оқушылардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре жүріп, мектепішілік іс шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене араластым.
2019 жылғы 14тамыздағы №1 хаттамасымен География пәні мұғалімі лауазымы бойынша «Педагог - модератор» біліктілік санаты берілді.
2019 жылы Республикалық онлайн олимпиадасында география пәні бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталдым. 2019 жылы «Үздік өзін-өзі тану сабағы -2019» байқауына қатысып аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталдым. 2020 жылы оқушым Ерсайнова Айгерім өзін-өзі тану пәні олимпиадасына қатысып, ІІ орынмен марапатталды.
2020 жылы «Білім беру жүйесіне үлес қосып, жоғары көрсеткішке жетіп және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбегі үшін» аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталдым.
2020 жылы қараша айында өткізілген Республикалық «Өзін-өзі тану» олимпиадасына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталдым. 2020 жылы білім беру жүйесіне үлес қосып, жоғары көрсеткішке жетіп және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбегім үшін Арал аудандық білім бөлімі аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталдым. 2021 жылы наурыз айында «Nur Otan» партиясының алғыс хатымен, 2022 жылы Білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен еліміздің болашақ иелеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие берумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаным үшін білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің құрмет грамотасымен марапатталдым.
2021 жылы оқушым Нағыметов Нұрислам жалпы білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып 1-орынмен марапатталды, облыстық кезеңінде сертификат алып қайтты.
2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түстім. «Жабық үлгідегі арнайы жалпы білім беретін мектеп жағдайында географияны оқытуда іс-әрекеттік тәсілді іске асыру және ұйымдастыру» тақырыбында дисертациялық жоба әзірлеп, ол халықаралық ғылыми-практикалық басылымға жарияланды. 2022 жылы 8 шілдеде география білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап қосымша білім беру педагогы қызметін атқарып келемін.