Жумабаева Алтынгул Бердалиевна


Тегі, аты, әкесінің аты: Жумабаева Алтынгул Бердалиевна
Лауазымы, жұмыс орны: мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «№20 З.Шүкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жынысы: Әйел
Туған жылы мен туған жері: 20.03.1975
Ұлты: қазақ
Білімі Жоғары , Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің механика-математика факультеті, математика мамандағы (1997 жыл).
Мекен-жайы Қызылода облысы, Арал ауданы, Бөген ауылы
Еңбек өтілі (жалпы, педагогикалық): 25 жыл
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасар лауазымы бойынша еңбек өтілі: 8 жыл
Педагогикалық санаты : Педагог-сарапшы , 2018 жыл
Жумабаева Алтынгул Бердалиевна 1975 жылы 20 наурызда Қызылорда облысы Аралауданы Бөген ауылдық округіне қарасты Көне Бөген ауылында дүниеге келді.
1981 жылы қыркүйекте №45 Көне Бөген бастауыш мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1992 жылы №20 З.Шүкіров атындағы орта мектепті бітіріп шықтым. 1992-1993 жылдарда Алматы мақта-мата комбинатында тоқшы болып еңбек еттім. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы мемлекеттік ұлттық университеттің механика-математика факультетіне түсіп, 1997 жылы «Математика» мамандағы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі, математик, математика пәнінің оқытушысы дәрежесін алып шықты.
1997 жылдың қыркүйек айында №20 З.Шүкіров атындағы орта мектебіне физика пәні мұғалімі болып қабылданап, содан бері осы мектепте қызмет етіп келеді.
2013 жылы Қызылорда қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында деңгейлік курстар бойынша (ІІ, негізгі) біліктілік арттырып, сертификатталды. Мектептегі іс-әрететтегі зерттеу «Оқытудың жаңа үлгісі-білім сапасының кепілі» тақырыбындағы жұмысы республикалық «Үздік баяндама» конкурсында І орын дипломымен марапатталды. Республикалық «Ғылым-білім» интернет ресурстарында жарияланып келеді. 2017 жылы материалдары «Физика пәнінен дидактикалық материалдар жинағы» оқу әдістемелік құралына енді.
2014 жылдың 24 ақпан айында мектеп директорының №51 бұйрығымен оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметіне тағайындалды. Отбасылымын. Жанұямда екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отырмын.
Жұмыс жасаған жылдарында оқушылары аудандық, халықаралық олимпиада жүлдегерлері болып, тестіледен жоғары балл алып келеді. Физика пәні мұғалімі ретінде оқушыларды олимпиадаға, ҰБТ-ге дайындауда өзіндік тәжірибесі бар.
Аудандық, аймақтық мобильдік топ құрамында өз тәжірибесін таратып, өзін шыңдаса, мектепте де аудандық іаймақтық әдістемелік жұмыстарды үйлесімді ұйымдастырып, мектеп педагогтерінің кәсіби деңгейінің өсуіне жағдай жасап келеді.
Еңбегі еленіп, 2017 жылы Адандық білім бөлімі мен қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен, 2018 жыл Арал ауданы әкімінің Алғыс хатымен, 2019 жылы Облыстық «Нұр Отан» партиясының Алғысымен, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Астана қаласы Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының Алғыс хатымен, 2020 жылы Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен, 2021 жылы Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.