
1. Тегі, аты, әкесінің аты: Андызбаев Марат Шоменович
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылы, №20 З. Шүкіров атындағы орта мектебінің директоры
3. Жынысы: ер
4. Туған жылы, күні, айы: 29.12.1983 ж
5. Ұлты: қазақ
6. Білімі: жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, АӘД және дене шынықтыру (2005 ж)
7. Жалпы жұмыс өтілі: 17 жыл
8. Саладағы жұмыс өтілі: 17 жыл
9. Осы еңбек ұжымдағы жұмыс өтілі: 17 жыл
10. Кәсіби, жеке қасиеттерін бағалау:
Андызбаев Марат Шоменович 1983 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің жаратылыстану факультетіне түсіп, 2005 жылы «АӘД және дене шынықтыру» мамандығы бойынша бітірді.
2005 жылы Бөген елді мекеніндегі №20 З. Шүкіров атындағы орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қабылданды. 2006-2008 жылдары алғашқы әскери дайындық пәні жетекшісі лауазымын атқарды. Әскери шені «лейтенант». 2008-2020 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдан бастап №20 З. Шүкіров атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі - 17 жыл. Қызылорда облысының білім басқармасының 24 желтоқсандағы №58-нқ бұйрығымен «педагог-сарапшы» біліктілік санаты берілді.
2007 жылы Аудандық «Көңілді тапқыштар клубы» сайысында үздік өнер көрсеткені үшін аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінен марапатталды.
2012 жылы Арал ауданындағы аула клуб мүшелері мен жасөспірімдер арасында спорттық бағытта өткізілген аймақтық «Тоғызқұмалақ» жарысында белсене қатысқаны үшін марапаталды.
2013 жылы аудандық «Үздік тәрбие ісінің орынбасары-2013» байқауына қатысып ІІ орын иеленді. 2013 жылы Арал аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының құрмет грамотасымен
2014 жылы Қызылорда облысының білім басқармасының «Алғыс хаты»,
2014 жылы Арал аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы», аудан көлемінде кәсіби қауымдастық аясында ұйымдастырылған «ҰБТ-ге дайындық барысында педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттестік түрлері» тақырыбындағы семинарды ұйымдастырудағы еңбегі үшін «Құрмет грамотасы»
2016 жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай аудандық білім бөлімі және білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінен «Құрмет грамотасы»,
2017 жыл Республикалық ғылыми-көпшілік, рухани-танымдық «НҰР ЖАН» журналын бұқара халыққа насихаттауға қосқан үлесі үшін «Алғыс» грамотасы,
2019 жылы Қызылорда облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының «Алғыс хаты»
2019 жылы Қызылорда облыстық білім басқармасының «Алғыс» хатымен
2020 жылы «Алтын глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясының сертификаты «Тәрбие саласының үздігі» төсбелгісі
2020 жылы Арал ауданының әкімінің құттықтауы
2021 жылы Қызылорда облыстық білім басқармасының «Үздік әлеуметтік әріптес» номинациясы
2022 жылы Арал ауданы бойынша білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды